ІІМ арнайы операциясы: көкнәр жеткізу арнасы жойылды

0
79

ІІМ Қазақстанның бірнеше қаласында арнайы операция жүргізді. Айналымға апиынның бір миллионнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Батыс Қазақстан облысының полициясымен және көліктегі полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен құрамында көкнәр сабаны мен апиынның қоспалары бар тағам көкнәрінің шетелден жеткізілу арнасының жолын кесу бойынша кең ауқымды арнайы операцияны аяқтады.

«Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қолдауымен құрылған жедел-тергеу топтары Орал, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларының аумағында Алматыда апиын көкнәрін сатып алып, оны еліміздің батысында сатқан сегіз адамды ұстады. Есірткі трафигін Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Ақтөбе мен Оралдағы төрт дүкеннің иесі болып шықты. Сол арқылы күдікті есірткі жасауға арналған көкнәр сабаны мен өнеркәсіптік еріткішті сатқан.

Полиция бір мезгілде Астана, Алматы, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Рудный қалаларында 35 тінту іс-шарасын жүргізіп, күдіктілерді ұстады», – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу