Қазақстанда интернетке 1,5 триллион теңге жұмсалады

0
49

Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын бекітті. Премьер-пинистр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық жоба Мемлекет басшысының республиканың интернет саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданды. Оның негізгі мақсаты – халықты жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с кең жолақты интернетпен қамту.

«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы 2024 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және оны іске асыруға 1,5 триллион теңгеден астам қаражат көзделген. Айта кету керек, бұл соманың көлемді бөлігі, яғни 1,3 триллион теңгеден астамы – бюджеттен тыс қаражат.

Жоба аясында айтарлықтай қаражат сымды және сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады. Ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерінің тармақталған жүйесін салуға баса назар аударылмақ. Мәселен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 3 мыңнан астам ауылда тиісті байланыс желілерін монтаждау жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу