Облыстық форум өтті

Мектеп педагогтары қатысты
1
422

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің облыстық форумы өтті.

  • Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Түркістан облысының білім басқармасы, Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы өткізілді.
  • Түркістан облысы жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтеріне арналған форумға 300-ге жуық жас маман қатысты. 28

      Форум аясында жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісу үшін “Тамерлан Моторс” компанияның HR директоры, бизнес тренер Гүлжанат Битанова, “Дау-мед” медикалық центрдің негізін қалаушысы шақырылды.

      Қатыс ушылар тақырыптық алаңдарда бас қосып, «Педагогтің қызметіндегі зерттеу», «Инклюзивті оқыту: жанама тәжірибеден өз іс-әрекетіне дейін», «Пәндік кәсіби құзіреттілікті дамыту» сынды өзекті мәселелерді қозғаған сабақтарда бас қосты.

      Шара соңында қатысушылар топ болып бөлініп практикалық жұмыстар жүргізді. Бұл сабақтың жас ұстаздар үшін пайдалы болғанын қатысушылардың бірі Амина Торебайқызы баяндады:

      —Бұл жоба мұғалімдердің кәсіби тұрғыда табысты болуына бағдар жасап, оларды үнемі оқуға және дамуға ынталандырады.

    Әлеуметтік желіде бөлісу

    1 comment

    1. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тауар 99 айналымы 24,2 млрд долларға жеткен – Sozbe-soz 8 ноября, 2023 at 16:01 Ответить

      […] Шанхайға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесу өткізіп, онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Ол туралы өткен аптада хабарлағанбыз Облыстық форум өтті […]

    Пікір қалдыру