Экс-министр өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

0
84

Ұлттық экономика министрлігінің экс-басшысы Қуандық Бишімбаев Астана қаласындағы ресторандардың бірінде өз әйелін өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Оқиға «Бау» ресторанында болған. Экс-министрдің әйелі Салтанат Нұркенова медицина қызметкерлері келгенше көз жұмған. Оны күйеуі Қуандық Бишімбаев соққыға жыққан.

Экс-министр полиция қызметкерлеріне де бағынбай, өз-өзіне қол саламын деп қорқытқан. Алайда құқық қорғау органдары күдіктіні ұстады.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 2018 жылы жемқорлық бабымен 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ бір жыл өткен соң шартты түрде босатылған болатын.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу