Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Сапалы өнім» қоғамдық тұжырымдамасы іске асырылуда.

0
75

Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Б.Қыстауов ағымдағы жылдың 20 қарашасында Түркістан облыстық әлеуметтік – мәдени даму, мемлекеттік – құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты  комиссиясының отырысында «Сапалы Өнім» жобасын таныстырды.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстан экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 7-тармағын іске асыру мақсатында оған сәйкес Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министирлігіне ішкі нарықта және отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған сауда саясатында реттеуші шараларды әзірлеу бойынша «Сапалы Өнім» жобасы таныстырылып, іске асырылуда.

Отырыс барысында комиссия төрағасы мәслихат депутаттарына өздерінің өңірлері бойынша өнім өндіруші кәсіпкерлермен «Сапалы Өнім» жобасына сәйкес, тұтынушыларды сапалы өніммен қамтамасыз ету мақсатында жоба аясында жұмыс жүргізілуі тапсырылды.

Отандық өндірушілер мен ішкі нарықты қауіпті және жалған өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты және тиімді қорғауды қамтамасыз ету. Жобада қоғамдық күштердің елдің ішкі нарығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделеді. Жобаның негізгі бағыты-нормативтердің бұзылуын, тұтынушылардың құқықтарын және жозықсыз бәсекелестікті бұзатын әрекеттерді анықтау үшін. «Адал», «Мейірім-көзі» «Оңтүстік-Самұрық» қоғамдық бірлестіктеріне «Сапалы өнім» қоғамдық тұжырымдамасы бойынша жұмыстарды орындауға Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан бір қатар кеңестер берілді.

Түркістан облысы бойынша «Адал», «Мейірім-көзі», «Оңтүстік-Самұрық» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестіктерімен бірге Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қызметшілері Түркістан қаласында орналасқан халық көп тұтынатын азық-түлік дүкендеріне шетелдерде өндірілген сүт және ет өнімдеріне «Сапалы Өнім» жобасы аясында мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг нәтижесінде, қаладағы дүкендердің 99,9 пайызында отандық өнімдер саудалануда, «Магнум» сауда желісінде Ресей (Простоквашино молоко) және Беларусь(Славянские традиции) елдерінде өндірілген сүт өнімдерінің 2 түрі анықталды. Беларустық сүт өнімі және Рессейлік мұздатылған тауық етінің қанаттары зертханаға тапсырылды. «Сапалы Өнім» жобасы аясында мониторинг жұмыстары әрдайым сапасыз өнімді сөреден алу мақсатында жұмыс атқаратын болады.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу