ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЫНТАЛЫ АУЫЛЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

0
31

Ордабасы ауданы Қажымұқан ауылдық округіне қарасты Ынталы ауылына табиғи газ берілді. Аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы барып ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

Аудан басшысы өз сөзінде ауыл, елді мекендерді газдандыру жұмыстары әліде жалғасын тауып, жыл соңына дейін Төрткүл, Қараспан ауылдық округіне қарасты ауыл тұрғындары көгілдір отынның қызығын көретіндігін жеткізді.

Ынталы ауылын табиғи газбен қамту құрылысына жауапты мердігер «Компания ГазСтрой» ЖШС-і 21,3 шақырымды құрайтын газ құбырының құрылысын биыл аяқтап пайдалануға берді. Алдағы уақытта жеке тұрғын үй секторларына газ кіргізу жұмыстарының нәтижесінде Ынталыдағы 560 абонент толықтай газға қосылмақ.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу