ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ТАЛДЫБҰЛАҚ АУЫЛЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

0
36

 

Қазығұрт ауданы Сарапхана ауыл округі Талдыбұлақ елді мекенінің тұрғындары толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілді.

Аудан әкімі Азизхан Исмаилов Талдыбұлақ елді мекеніне арнайы барып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Аймақта жалпы халық саны – 392, ал абонент саны – 73.

Айта кетейік, аудан бойынша жалпы 62 елді мекеннің 49-ы газбен қамтылған. Ауданды көгілдір отынмен қамту көрсеткіші — 79 пайызды құрап отыр. Бұдан бөлек, қазіргі таңда Шанақ, Ақжар, Ызабұлақ елдімекендерін газға қосу жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін толық аяқталмақ. Ал Ескі Шанақ, Бақабұлақ, Шанақ бекеті елдімекендерін келесі жылы газға қосу жоспарланған.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу