ПРЕЗИДЕНТ: МЕКТЕП ҰЖЫМЫН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
31

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназиясына да ат басын бұрды, деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталының тілшісі «24kz» телеарнасына сілтеме жасап.

Білім ұясы жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған. Қазір 1466 оқушы білім алады. Гимназия елорданың сол жағалауындағы басқа мектептердің жүктемесін азайтуға септігін тигізді. Оқушыларға ағылшын, француз тілдерімен қатар, қытай тілі де оқытылады. Мектеп директоры Сәуле Теменованың айтуынша, инклюзивті білім беруге де баса назар аударылады. Әр оқушыға жеке оқу бағдарламасы әзірленген. Инклюзивті қолдау, емдік, дене шынықтыру кабинеттері бар. Гимназияда арнаулы білім беруді қажет ететін 28 бала оқиды. Сонымен қатар цирк, қыш өнері, балет үйірмелері жұмыс істейді. Астана қалалық Білім басқармасының басшылығы Президентке салада атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Биыл 16 мың оқушыға арналған 12 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлаған. 7 білім ұясы ашылды. Жыл соңына дейін тағы 5 жаңа мектеп іске қосылады. Оқушылармен тілдескен Президент дүниежүзінде маңызды салаға айналған робото-техника және жасанды интеллект туралы айтты.

Робототехника деген ол — өте нәзік технология. Қазір дүниежүзіндегі негізгі бағыт деп саналады. Қазіргі таңда біз бәріміз, соның ішінде Қазақстан бар, жасанды интеллектімен айналысып жүрміз. Өте маңызды бағыт. Жасанды интелелкт деген келешекте әрбір салада пайдаланылатын болады. Сондықтан Қазақстан осы істе озық ел болуы керек деп ойлаймын,- Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу