БАКУДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

0
37

 

Тәуелсіздік күніне орай Бакуде арнайы іс-шара ұйымдастырылды,- деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталы «24 kz» телеарнасына сілтеме жасап.

Ұлық мейраммен бауырлас елдің ресми өкілдері, дипломаттар, қоғам қайраткерлері және журналистер қауымы келіп құттықтады. Бакудегі Қазақстан елшілігінде тәуелсіздік күніне орайластырылған іс-шараға жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Бауырлас елдің азаматтары Қазақстан халқын төл мерекесімен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.

Қуғын-сүргін кезінде Әзербайжаннан, Дағыстан мен Қабарда-Балқариядан жүз мыңдаған адам Қазақстанға депортацияланды. Осындай қиыншылық заманда қазақ халқы оларға қамқорлық танытып, бауырына басты. Сол үшін Әзербайжан жұрты сіздерге алғысы шексіз,-дейді «Деде Горгуд» қорының президенті Эльдар Исмаил.

Дипломатиядық өкілдікте тағы бір маңызды оқиға атап өтілді. Қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы саммитінде Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті болып Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова тағайындалды. Бұл ұйым Әзербайжан бастамасымен 2012-жылы құрылған еді.

Қор түркітілдес елдердің мәдени мұраларын сақтап қалу бағытында жұмыс істеп жатыр. Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде стратегиялық даму бойынша құжаттар мен міндет-мақсаттар белгіленді,- дейді Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті Ақтоты Райымқұлова.

Шара аясында Қазақстан туралы бейнефильм көрсетіліп, меймандарға ұлттық тағамдарымыз ұсынылды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу