МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

0
57

Биыл «Ауыл аманаты» жобасына Түркістан облысындағы 16 ауданнан 64 ауылдық округ қатысты. Жоба бойынша өңірге 20 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 3 256 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталы.

 

Мәселен Сарыағаш ауданы жылыжай мен мал шаруашылығын дамытуға қолайлы болғандықтан осы бағытқа басымды берілді. Құркелес ауылдық округінің тұрғыны Сман Юсупов «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, 2,5 пайызбен 5 млн несие алған. Оған Қызылорда облысынан 10 бас ту бие сатып алып, бағып отыр. Келер жылғы көктемнен бастап бие байлап, қымыз өндірмек.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы өте керемет. Халықтың бәрі дән риза. Енді осының келешекте тұқымын көбейту. Әрі сауу. Капсуладағы қымыз ішкенше таза өнімді тұтынайық деген мақсат біздікі. Мынау шаруа қожалығым өзімнің. Осы жерде ұстап отырмыз,- дейді шаруа.

Құркелес ауылдық округінен «ауыл аманаты» жобасына қатысуға 160 адам өтінім беріп, 90 құжат мақылданды. Бүгінге дейін соның ішінде 40 адам қаражатын алып, кәсібін бастап кетті.  Ал бағдарламаға Сарыағаш ауданынан 4 ауылдық округ қатысты. Олар Жартытөбе, Жібек жолы, Қызылжар және Құркелес ауылдық округтері. 311 жоба мақылданды. Қазіргі таңда 285 адамға 1,9 млрд теңге несие берілді. Қалған азаматтар жыл соңына дейін алады.

Басым бөлігі жылыжай шаруашылығын дамытамыз деп өтінім берген. Мал шаруашылығының ішінде сүтті бағыттағы іріқара мал басын көбейту, балық шаруашылығын қаржыландыруға және өз кәсібін ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қаржысын алған азаматтар кәсіптерін ашып, жұмыстарын жүргізіп келеді,-дейді  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірханов.

Жалпы Түркістан облысында мал шаруашылығын дамыту мен сүт бағыты бойынша 11 млрд теңгенің 1 897 жобасы қолдау тапты.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу