ҚЫРҒЫЗСТАН ПАРЛАМЕНТІ ТУДЫ ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ

0
25

Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын үш оқылымда талқылаусыз қабылдады, — деп хабарлайды Қалам.kz тілшісі «24.kz» сайтына сілтеме жасап.

Заң жобасын қабылдауға 59 депутат дауыс берсе, 5-і қарсы болды.

Парламент спикері Нұрланбек Шәкиев халық қалаулыларын тудың өзгеруімен құттықтады.

«Құрметті депутаттар! Жаңа ту құтты болсын! Бұл өзгерту емес, бұл түзетулер. «Аңызға айналған парламент» туралы үнемі қайталаудың қажеті жоқ. Әр кезеңнің өз аңызы бар», — деді ол.

Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент комитетінің төрайымы Шолпон Сұлтанбекова заң жобасын екінші және үшінші оқылымда дауыс беруге парламенттік алты фракция мақұлдағанын айтты.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу