АСЫ ЖАЙЛАУЫ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

0
119

Көрнекі фото

Қазақстанда Асы жайлауы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Facebook-парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Қалам.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, бүгін, «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының жұмысы аясында Масақ ауылдық округінде халықпен кездесу өткен.

«Кездесуде Буғыты қыстауында 2,4 мың гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердін қайтарылғанын жария еттік.

Онымен қоса, «Іле-Алатау Тур» ЖШС-нен 03-044-184-002 кадастрлік нөмердегі аумағы 3 500 гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы атақты «Асы жайлауы» деп аталатын жердін мемлекеттік меншікке қайтарылғанын жария еттік. Асы жайлауының мемлекеттік меншікке Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінін 2023 жылғы 1 маусымдағы №907 қаулысымен қабылданды», — деп жазды ол.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу