САУРАН АУДАНЫНА 28 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

0
29
Жыл басынан бері Түркістан облысы Сауран ауданының өнеркәсіп саласында 10,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді, деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталы.
Оның ішінде тау кен өндіру бойынша өнім 416 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру саласының өнім көлемі — 492 млн теңге, жиһаз өндіру саласында өнім көлемі — 747 млн теңгеге жетті.
Айта кетейік, 11 айда ауданға 28 млрд теңгеге инвестиция тартылған. Оның 18,2 млрд теңгесі — жеке инвестиция есебінен. Ал келесі жылы 32,4 млрд теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Одан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан 95,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Атап өтсек, өсімдік шаруашылығы – 67,4 млрд теңге, мал шаруашылығы – 27,5 млрд теңге. Сондай-ақ, биылғы жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артық орындалған.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу