КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

0
30
Түркістанда «Түркістан – қауіпсіз» қала бағдарламасы аясында «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз» атты көркем шығармалар байқауы өтті, деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталы.
Оған 14-24 жас аралығындағы жоғары, орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары қатысты.
Марапаттау шарасына Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Сәуле Мағжан және Түркістан қаласы «Өнер мектебінің» директоры, айтыскер ақын Тұрар Тлеулиев қатысып, шығармалар арасында үздіктерін анықтады.
Нәтижесінде Ерсайын Диханбай бас жүлде иегері атанды. Сондай-ақ, Маржан Оралбай жүлделі І орын, Шохсанам Закиржанова, Гүлбану Сабыр, Нариман Манап ІІ орын, Әлия Сабыр, Күнсұлу Мақсұт, Рухшона Ирисбаева ІІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, Айым Әбдімаулен «Жас қаламгер» номинациясымен, Мерей Исахан «Ақ қауырсын» номинациясымен, Ақерке Садық «Көркем ой» номинациясымен және Аслан Сенбек «Талапкер» номинациясымен марапатталды. Айта кетейік, аталған байқау ережесі алдын ала ғаламтор желісінде жарияланған болатын.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу