«UMAI-2023» ЕКІНШІ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

0
44
Түркістан музыкалық драма театры республика бойынша жетістікке жетіп, Қазақстан Республикасының «Umai-2023» екінші ұлттық сыйлығының «Хореографиялық өнер» номинациясында үздік атанды, деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталы.
Атап айтсақ, «Үздік заманауи хореография спектаклі» сыйлығымен «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы марапатталды. Қатарынан екінші жыл ие болды.
Жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша сахналанатын спектакльде көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, соңында туған жері – Сырдарияға оралады. Қоюшы-режиссері – Константин Семенов. Композиторы – Хамит Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова.
Айта кетейік, былтыр елімізде мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған жаңа ұлттық жоба қолға алынып, үздік өнер майталмандарына алғаш рет «Umai-2023» сыйлығы табысталған болатын. Сыйлық театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және бірнеше аталымды қамтиды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу