МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

0
79
Мемлекеттік қызметшілер күнделікті жұмыс барысында көптеген мәселемен бетпе-бет келеді. Тұрғындардың өтінішін орындау, заң аясында шешім қабылдауда Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік — процестік кодексіне қатысты нормаларды терең білу маңызды. Іс жүргізу барысындағы осы кодекске қатысты білімді тереңдету мақсатында Түркістан облысы әкімі аппаратында семинар өтті, деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталы.
Семинарды облыс әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Әділ Бектұрғанов жүргізіп отырды.
Семинарда Түркістан облыстық сотының судьясы Аида Байтурова мемлекеттік іс-қағаздарды жүргізу, аталған кодекске қатысты сұрақтар бойынша мәлімет берді. Сонымен бірге Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Бауыржан Тәңірбердиев те мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді.
Мәжілісте сот әкімшілігінің ақпаратын қарау нәтижелері бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға мемлекеттік басқарудағы заңдылықты және азаматтарды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, қолданыстағы Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік — процестік кодексін қолдану тәжірибесі сөз болды.
Жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» баяндама жасалды. Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқарушы Нұрдос Құлмаханов кодекстегі өзгерістер мен негізгі шарттарға тоқталды.
Мемлекеттік қызметшілерден қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау; Мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру; Заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау; Азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау талап етіледі.
Мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу