ТҮРКІСТАНДА ДӘСТҮРЛІ ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

0
39

Риксос қонақ үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық кешке Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталы.

Шырша тойына тұрмысы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Одан бөлек, оқу озаттары, спорт пен шығармашылықта жетістікке жеткен 200 бүлдіршін шақырылды. Қатысушылардың жасы 9 — бен 13 аралығын қамтыды. Балалармен бірге шырша шамын жаққан облыс әкімі Дархан Сатыбалды Жаңа жылдың балаларға қуаныш сыйлайтын ғажайып мереке екенін атап өтті.

«Біз үлкен болсақ та, ғажайыпқа сенеміз. Еңбек пен бірлік, Отанға деген сүйіспеншілік кез келген армандарыңды орындауға септігін тигізеді. Біздің елімізді басқаратын болашағымыз болғаннан кейін сіздерге барлық жағдайды жасауға біз тырысамыз. Кішкентай бала болсын үлкен арманы болады, сол армандарыңыздың бәрі орындала берсін. Мақсаттарыңызға жете беріңіздер. Еш нәрседен таймаңыздар. Елімізге қызмет ететін азаматтар сіздер. Сондықтан келе жатқан мерекеміз құтты болсын»,-деді .

Мерекелік шара аясында ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің қатысуымен шоу-қойылымдар ұйымдастырылды. Онимациялық фильм кейіпкерлері шырша тойының шырайын кіргізіп, балаларға қуаныш сыйлады. Бүлдіршіндер қоян жылын шығарып, салып, жаңа ұлу жылын қарсы алды. Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерінен көрсетіп, сыйлық алды. Кентау қаласынан келген Жанар Әбдіүмітәлі 6 сынып та оқиды. Ол — Президенттік шыршаға биыл алғаш рет қатысып отырғанын айтып, барша Қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Жаңа жыл құтты болсын. 2024 жыл елімізге құт-береке алып келсін. Барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын»,-деді.

Шара соңында балалардың барлығына Президенттің атынан жүз мың теңгенің сертификаты, түрлі тәттілер мен ойыншықтар және ертегі кітаптары табыс етілді.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу