ЖЫЛЫНА 20 МЫҢ АДАМ ШЕТЕЛГЕ КӨШІП КЕТЕДІ

0
27

Елден шетелге кететіндердің көбі білікті маман. Өйткені іскер адам ол жаққа да қажет,- деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталы «24 kz» телеарнасына сілтеме жасап.

Сыртқа кететіндердің біразы ғылым іздесе, енді бірі әлеуметтік жағдайын жақсартуға ниетті. Ғылым қуғандар түбі жиған білімді, тәжірибемізді елге әкелеміз дейді. Ол да жөн. Ал сарапшылар мұндай көштің қай елде де болатынын айтады. Әңгіменің төркіні, одан ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ дегенге саяды. Мұхит Құлмағанбетов еліміздегі медициналық оқу орындарында көз дәрігері мамандығын меңгерген. Кейін Ұлыбританияда кәсіби білімін жалғастырған. Қазір Гонконгта еңбек етіп жүр. Айтуынша, шетелде ғылыми ізденіс үшін барлық жағдай жасалған. 32 жастағы отандасымыз өз әріптестерімен бірге көз ауруларын ерте анықтайтын құрылғы жобасын әзірледі.

«Мысалы, ол жерлерде зерттеулердің барлығы университеттер мен ғылыми технологиялық парктерде жасалып жатады. Сондықтан ондай жерлерде зертханалар көп. Мүмкіндіктер көп. Айлық жағынан да өте жақсы. Ғалымдарды өте қатты сыйлайды. Біз қазір кванттық технология құрастырып жатырмыз. Ол құрылғы кәдімгі МРТ, КТ деген сияқты құрылғы болады. Соны елге алып келгім келіп жүр»,-дейді көз дәрігері Мұхит Құлмағанбетов.

Жыл сайын елімізден кемінде 20 мыңнан астам адам көшіп кетсе, соның 70-80 пайызы еңбекке қабілетті жаста. Ал олардың қатарында жоғары білімділер жетерлік. Шетелде қызмет етіп жатқан отандық кадрлар сан саланың өкілдері. Демек елімізде ең алдымен әрбір салада еңбек ұжымын қолдау және цифрлық-технологиялық әлеуетті арттыру маңызды, дейді сарапшылар.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу