ҚАЛДЫБЕК ҚҰРМАНӘЛІНІҢ ФОТОАЛЬБОМ-КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

0
83

Түркістанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің фотоальбом-кітабының тұсаукесері өтті,- деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталы.

Су жаңа кітапта композитордың бұрын-соңды басылым беттерінде жарияланбаған балалық шақтағы сирек кездесетін түрлі суреттері, халыққа кең тараған әндері ноталарымен және әнші-ақындардың суреттерімен қоса берілген. Сонымен қатар әнсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген композитордың шығармашылығы мен өмірі жайлы жазылған қаламгерлердің мақалалары мен ақындардың арнау өлеңдері және белгілі қайраткерлерінің жылы лебіздері ұсынылған. Әнге үлкен жауапкершілікпен қарап, өнерге қатал талап қоятын композитор осы уақытқа дейін 40-қа жуық ән жазған. Оның елімізге белгілі әншілер Мәдина Ералиева, Тұңғышбай Жаманқұлов, Розы Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Жұбаныш Жексенұлының орындауындағы «Ән аға немесе Шәмшімен сырласу», «Кірмеші жиі түсіме», «Жайықтың толқындары», «Шай ішіп кетсең қайтеді?» сынды әндері қазақ музыкасының алтын қорына енген.

«Қаншама адамның кітабын шығарып бердім ән жинақтан, қанша адамның кешін өткізіп бердім, бірақ өзімнің ән жинағымды шығаруға назар аудармағанмын ғой. Кітап жалпы қауімға арналады. Студенттерге, мектеп оқушыларына, мұғлімдерге және менің әнімді ұнататын адамдар осы кітаптан көп мағұлымат алады. Туған жеріме, еліме келіп бөлісейін, жақындасайын деген ой. Әлі жазатын әндерім көп, құдай денсаулық берсе оны да атқарамыз»,- дейді композитор Қалдыбек Құрманәлі.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу