«ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕШІ ӨТТІ

0
46
Республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысына 5 жыл толуына орай Түркістан музыкалық драма театрында «Жас Сарбаз – бес жыл, бес белес» атты облыстық қорытынды кеш өтті,- деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталы.
Іс-шараға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Нұрмаханбет Дюсебаев, Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасының орынбасары Мұхтар Қаратаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев, Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы, полковник Дилмурад Нұржанов және 17 аудан, қаладан келген 300-ге жуық жас сарбаз бен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты.
Жас сарбаздардың қозғалысы әрбір жас патриоттың тұлғасын қалыптастыруда еңбек жасап жүрген аға буынға, аяулы ұстазға, ардақты ата-анаға, тәлімгер мен тәрбиешіге, және жыл бойы жас сарбаздар қатарында түрлі әскери-патриоттық, мәдени-спорттық жарыстарға қатысып, айрықша белсенділік танытқан үздік оқушыларға алғыс хаттар табысталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 900-ден астам мектепте «Жас сарбаз» сыныбы бар. Онда 19 000-ға жуық оқушы әскери-патриоттық сабақтарынан білім алады. Яғни жас буынды патриоттық сезімге баулып, әскери дағдыға үйретіп келеді. Нәтижесінде өңірдің білім беру мекемелеріндегі «Жас сарбаз» клубының қатысушылары Республикалық сайыстарда әскери-патриоттық, мәдени-спорттық сайыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүр.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу