ЖЫЛ ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

0
30
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында түрлі сала бойынша Түркістан өңірі ерекше үлес қосып, көш бастап келеді,-деп хабарлайды «Қалам» ақпараттық порталы.
Бұл жеңістердің артында еңбек адамы тұр. Осы ретте Түркістанда «Жыл үздігі-2023» салтанатты іс-шарасы өтті. Еңбегі еленген азаматтарды марапаттауға арналған салтанатты кешке облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жыл үздіктерін құттықтады.
«Баршаңызды алдымен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Жаңа жыл – өткен жылға есеп беріп, жаңа жоспарлар жасайтын мереке. Бүгін осы тарихи сәтте Түркістан өңірінің әр саладағы үздіктеріне құрмет көрсетіледі. 2023 жыл еліміз үшін аса маңызды кезең болды. Жеткен жетістіктердің бәріне бірлігіміздің бекемдігі мен бейбіт өмірдің арқасында қол жеткіздік. Бүгінгі шара облыста қоғамның барлық саласы бойынша көш бастап, тәжірибе мен тыңғылықты тірлігі арқылы дара шыққан көшбасшыларға арналып отыр. Берілетін марапаттар – Сіздердің жыл бойы атқарған жұмыстарыңызға берілген лайықты баға, мәртебелі құрмет деп білемін. Толағай табыстар мен жарқын жетістіктерге жеткізген осы көрсеткіштеріміз Жаңа жылда еселене береді деп сенемін, – деген Дархан Сатыбалды жылдың үздік мекемелері мен кәсіпорындарын, сала үздіктерін марапаттады.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу