ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
52
Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті,-деп хабарлайды «Қалам» ақпараттық порталы.
Мәжіліске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Төлеубаев, құқық қорғау органдарының бастықтары, басқарма басшылары және бейнебайланыс арқылы аудан, қала әкімдері мен қатысты.
Күн тәртібінде Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Сондай ақ «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы, сібір жарасы қабірлерінің санитарлық-қорғау аймағы, мал қорымдарына қойылатын талаптардың сақталуына қатысты жүргізілген мониторинг нәтижесі баяндама жасалды.
Баяндамашылардың айтуынша, қоғамның қарқынды дамуына тежеу салатын сыбайлас жемқорлық деректері толастамай тұр. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу