«ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕШІ ӨТТІ

0
21
Республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысына 5 жыл толуына орай Түркістан музыкалық драма театрында «Жас Сарбаз – бес жыл, бес белес» атты облыстық қорытынды кеш өтті,-деп хабарлайды «Қалам» ақпараттық порталы.
Іс-шараға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Нұрмаханбет Дюсебаев, Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасының орынбасары Мұхтар Қаратаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев, Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы, полковник Дилмурад Нұржанов және 17 аудан, қаладан келген 300-ге жуық жас сарбаз бен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу