ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ

0
39
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Төлеубаев мәлімдеді,-деп хабарлайды «Қалам.kz» ақпарат порталы.
«Бүгінде өңірде «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске қосылған. Жоба аясында 121 ерікті көмек көрсетуде. Еріктілердің көмегімен 66 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Бұл үш айдағы жұмыс нәтижесі. Жергілікті атқарушы органдар жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге тым жоғары баға қойған. Сондай-ақ, департамент мамандарымен «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде арнайы мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аталған жоба аясында 1 291 кәсіпкерлік нысанының құқығы қорғалды. Талдау жұмыстары аясында 75 ауылшаруашылығы өндірушілерімен жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге жасалған қарыз шарттарының кредиттік сыйақы мөлшері 16-24% аралығында белгіленгені анықталған. Енгізілген ұсынымдар аясында, қаржы ұйымдары сыйақы мөлшерін 6%-ға төмендетті. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге 100 млн теңгеден астам субсидиялар берілді, -деді департамент басшысы Мұрат Ахтанұлы.
Айта кетсек, жемқорлықпен күрескісі келетін азаматтар «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қатыса алады. Ол үшін Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы №100 мекен-жайына немесе +7 (725 33) 2 69 32, +7 701 787 75 85 нөмірлеріне хабарласуға болады. Сонымен қатар, жемқорлық көріністеріне тап болған кез-келген азамат Департаментке немесе Агенттіктің 1424 CaII-орталығына жүгіне алады.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу