ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

0
62

«Қазақстанның 2024 жылғы сыртқы саясаты прагматизмге негізделуі керек», — дейді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әділ Кәукенов. Бұл туралы «24кз» телеарнасы хабарлайды.

«Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатында айтқан сыртқы саясаттағы ұстанымы көңілге қонды», — дейді сарапшы. Елдің сыртқы стратегиясына тоқталған Президент шетелдік әріптестермен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. 2024 жылы еліміз бірнеше ықпалды халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерге төрағалық етеді.

«Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары — көрші елдерге баса назар аудара отырып, көпвекторлы бағытта қала береді. Бұл маңызды, онсыз әлемде даму мүмкін емес. Осы сұхбатында Президент көршілермен достық қарым-қатынасты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Былтыр Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы жаңа бағыт алды. Төраға Си Цзиньпин Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының алтын дәуірін жариялады. Тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті — 10 айда 24 миллиард доллардан асты. Екі жақты қарым-қатынас негізінде – қазақстандықтар Қытайға визасыз бару мүмкіндігіне ие болды»,- деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің сарапшысы Әділ Кәукенов.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу