КҮРЕ ЖОЛДАРДА КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛДІ

0
139

Күн райының қолайсыздығына байланысты республикалық жолдарда көлік қозғалысы қиындады,- деп хабарлайды «Қалам.кz» ақпарат порталы «24kz» телеарнасына сілтеме жасап.

«Қазавтожол» компаниясының мәліметінше, Ақмола, Жетісу, Қостанай, Павлодар және Қарағанды өңірлеріндегі трассалардың 15 учаскесі жабылған. Автожолдарды қардан тазалауға 300-ден астам адам мен 200 шақты техника жұмылдырылды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу