АСТАНА-КӨКШЕТАУ БАҒЫТЫНДА ІРІ ЖОЛ АПАТЫ БОЛДЫ

0
108

Бүгін Астана-Көкшетау бағытындағы тасжолда 9 автокөлік соқтығысты,- деп хабарлайды «Қалам.кз» ақпарат порталы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

— Бүгін сағат 11:30-да Көкшетау қаласынан Астана қаласы бағыты бойынша жол қызметі мен ЖПҚ сүйемелдеуімен машиналар колоннасы ұйымдастырылғанына қарамастан 9 автокөлік соқтығысып қалды. Осыған байланысты, құрметті автожол пайдаланушылары, ауа-райының қолайсыздығын назардан тыс қалдырмай және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз, — деп жазды «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.

Айта кету керек, автожолды тазалау және көктайғаққа қарсы материалдарды себу жұмыстары жалғасып жатыр. Дәл қазір аталған желіге 20 бірлік жол-пайдалану техникасы жұмылдырылды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу