«АЛТЫН ОРДА» БАЗАРЫ САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШЕДІ

0
70

Фото: «Нұр.кз» сайтынан

Алматыдағы «Алтын орда» базары цифрландырылып жатыр, — деп хабарлайды «Қалам.кз» тілшісі Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Былтыр желтоқсаннан бастап базар аумағының 6 кіреберісінде QR-кодтары бар автоматты шлагбаумдар мен кіру ақысын төлеу үшін павильондарда 6 POS-терминал орнатылған.

Сонымен қатар, «Алтын Орда» базарын цифрландыру бойынша altynordaresmi.kz ақпараттық веб-сайты іске қосылған. Онда азаматтарға қолжетімді сауда орындарының саны мен алаңы, жалдау құны туралы ақпаратты, сондай-ақ жалдау (пайдалану) шартының талаптары, оны бұзу тәртібі мен негіздері туралы ақпарат қамтылған.

Базар басшылығы тарапынан кері байланыс алу үшін онлайн-шағым беру және ұсыныс енгізу мүмкіндігі енгізілді. Бұл шаралар базар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту үшін қабылданған.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу