ӘУЕЖАЙ АРҚЫЛЫ 160 МЫҢ АҚШ ДОЛЛАРЫН АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН

0
428

Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұшу алдында тексеру жүргізу кезінде соммасы   160 мың АҚШ доллары болатын қаражатты шетелге алып өтпек болған жолаушыны анықтады, — деп хабарлайды «Қалам.кз» тілшісі Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексерістен кейін әуежай қызметкерлері жолаушыны аталған қаражатпен бірге құзырлы органға тапсырды.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес 10 000 АҚШ долларының баламасынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынады.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу