«АBU-DHABI-TURKISTAN» ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ

0
56

Бүгін «Аbu-Dhabi-Turkistan» бағытындағы алғашқы әуе рейсі іске қосылды,-деп хабарлайды «Қалам.кз» ақпарат порталы. 

Әбу-Дәбиден ұшып шыққан Airbus 321 ұшағы Түркістан халықаралық әуежайына келіп қонды. Біріккен Араб Әмірліктерінің танымал туристік қаласынан бағыт алған ұшақта 100 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болды. Жолаушылардың 40%-ы — шетелдік туристер.

«Мен Дубайда тұратын үндістандық боламын. Бүкіл әлем бойынша саяхаттаймын. Қазақстанға алғаш рет келуім. Былтыр Өзбекстанда болғанмын. Мен Қазақстанға 4 күнге келдім. Түркістан облысының тарихи-мәдени жерлер мен туристік орындарын көрсем деген жоспарым бар»,-дейді Дубайдан келген турист Ахмед Баши.

Сондай-ақ дәл осы күні рухани астана Түркістаннан Әбу-Дәбиге 200 адам ұшып кетті. Олардың барлығы қысқы демалысын жылы жақта өткізуді жоспарлаған отандастарымыз. Мамандар билет бағасы қол жетімді екенін айтады. Екі ел арасында саяхаттауды жоспарлағандар үшін билетті алдын ала сатып алған тиімді. Ертерек алған жағдайда 20 мың теңгеден басталады.

«Бұл рейстер аптасына 3 рет ұшады. Ары қарай жолаушыларымыз көбейіп жатса, ары қарай қарқыны өседі деп ойлаймын. Туризмнің дамуына өте кермет әсері бар. Басқа елдерден келіп жатқан жолаушыдардың арқасында туристер саны көбейеді деп ойлаймын»,- дейді Түркістан халықаралық әуежайының басқарушы директоры Ілияс Нұғманов.

Биыл Түркістан — Түркі әлемінің туристік астанасы мәртебесіне ие болды. Осыған орай, жыл соңына дейін халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Жалпы Түркістан халықаралық әуежайы арқылы Стамбул мен Эль-Кувейтке халықаралық, Қазақстан ішінде Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және Ақтау қалаларына республикалық рейстер тұрақты ұшады.

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу