ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАБАЙЫ МЫСЫҚ ЖҮР

0
196
Жабайы мысықты көріп пе едіңіз? Дәл осындай мысық Түркістан облысындағы «Сырдария – Түркістан мемлекет өңірлік табиғи паркі» «Сырдария» филиалының «Арыс» орманшылығы аумағында жүр,- деп хабарлайды «Қалам.кз» ақпарат порталы Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.
Тораңғы ағашының басында тұрған дала мысығын «Сырдария – Түркістан» өңірлік табиғи паркінің ғылыми қызметкері Ғани Назарбек сурет пен видеоға түсіріп алған.
Оның айтуынша, тері жамылғысының түсіне қарай, шұбар мысық немесе дала мысығы деп аталады екен. Жабайы мысықты халық арасында қазақ мәлін деп атап кеткен.
Дала мысығы көбінде Африка, Азия, Жерорта теңізі маңы, Кавказ тауы елдерінде таралған. Ал Қазақстанның шөлді-шөлейтті аймақтарында мекендейді. Мәселен, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жиі кездеседі. Бірақ саны аз.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу