ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 6243 АЗАМАТҚА АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛЫҚ-КӨМЕКШІ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛГЕН

0
33
Өткен жылдың көрсеткіші бойынша Түркістан қаласында мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы арқылы 6243 азаматқа арнайы қызметтер мен техникалық-көмекші құралдар берілген,- деп хабарлайды «Қалам.кз» ақпарат порталы қала әкімдігіне сілтеме жасап.
2023 жылы қалада 809 азамат протез ортопедиялық құралдар, 129 тұрғын сурдо техникалық құралдармен қамтылса, тифло техникалық құралдармен 261 адам қамтамасыз етілген.
Одан бөлек, мүгедектігі бар 293 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 134-і ымдау тілі маманы қызметімен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, 2542 азаматқа міндетті гигиеналық құрал түрлері берілді.
Ал, инватакси қызметіне 258 азамат жүгінсе, 22 әлеуметтік такси қызметін қолданды.
240 мұқтаж тұрғынға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде:32-і жалғыз ілікті қарт, 112-і 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар азамат.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу