ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СОЗАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

0
51
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ашық есік күні» аясында Созақ ауданында бірыңғай қабылдау өткізді,- деп хабарлайды «Қалам.кз» ақпарат порталы.
Жеке қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй мәселесінің шешілуін сұрады. Сонымен қатар жерді уақытша пайдалануға келісімшартқа тұру үшін тиісті мекемеден құжаттарын ала алмай жүргендерін жеткізді. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы, білім саласы, кәсіпкерлікке қатысты, инфрақұрылым мен жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету туралы, спорт, мәдениет, денсаулық саласы бойынша да өтініштер түсті. Созақ ауданын табиғи газбен қамту жұмысын күшейту бойынша да ұсыныс айтылды. Ұсыныс-пікірлер мен өтініштер хаттамаға енгізілді.
Қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысты. Олар мәселенің оң шешілуіне атсалысты. Тұрғындардың өтінішін мұқият тыңдаған өңір басшысы заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.
«Әрбір айтылған мәселе жан-жақты зерттеледі. Шешімін тапқанша өзімнің бақылауымда болады. Біз үшін тұрғындардың пікірі маңызды, – деген облыс әкімі тиісті сала басшыларына тұрғындардың өтініштері бойынша тапсырмалар берді.
 Былтыр облыс әкімі әрбір аудан, қала халқымен кездесу ұйымдастырып, жалпы 50-ден аса жеке қабылдау өткізген болатын.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу