ИШТВАН БОЧКАЙ ТУРНИРІ: ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫ КЕЛЕСІ АЙНАЛЫМҒА ӨТТІ

0
29

Қазақстандық боксшылар Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкай мемориалында өнер көрсетіп жатыр, деп жазады Olympic.kz.

Бокс
Фото: Olympic.kz

Кезекті жарыс күнінде біздің төрт боксшымыз шаршы алаңға көтерілген болатын. Олардың үшеуі келесі айналымға өтсе, біреуі турнирді аяқтады.

54 келідегі Кенже Мұратұлы қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысты келесі кезеңге жолдама алды.

57 келідегі Асылжан Серікбай украиналық Олег Чулячеевтен басым түсті.

63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов те жеңіске жетті. Оның венгриялық қарсыласы екінші раундта жекпе-жекті жалғастырған жоқ.

Өкінішке қарай, 92 келідегі Данияр Рахымбердинов Венгрия боксшысы Левенте Киске есе жіберді.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу