ӨСКЕМЕНДЕ БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ

0
28

Өскеменде полиция қызметкерлері бопсалаумен айналысқан 26 жастағы бойжеткенді ұстады,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.

Полиция
Фото: Полиция

26 жастағы бойжеткенді жедел уәкілдер ақша алу кезінде қолға түсірді.

Күдікті жеке мәліметтерді жарияламау үшін 6 млн теңге талап еткен. Оңай олжаға кенелмек болған ару соманың бір бөлігін алу кезінде ұсталды.

Қазір аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу