МАҢҒЫСТАУДА ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ҚҰРҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ

0
24

Фото: ғаламтордан

Маңғыстау облысында «Капитал Мечты» қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру аяқталды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы «24kz» телеарнасына сілтеме жасап. 

Салымшылардан заңсыз ақша жинаған ұйым өкілдері уақытша қамауға алынған. Ал олардың келтірілген шығыны 1 млрд теңгеден асып жығылады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

«Қаржы пирамидасының басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы соммасы 1 млрд теңгеден асады»,- дейді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу