ОН ЕКІ ӨҢІРДЕ ДАУЫЛ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

0
178

Фото: ғаламтордан

Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы. 

«Қазгидромет» мәліметтері бойынша, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында екпіні секундына 20 метрге дейін жел тұрады. Мамандар Республика бойынша тұман мен көктайғақ болады деп отыр. Қазірдің өзінде боран мен көктайғаққа байланысты Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар 5 жол учаскесіне шектеу қойылды. Аталған учаскелерге142 бірлік техникасы мен 178 адам жұмылдырылды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу