ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҰРҒЫН СОЛТҮСТІКТЕН НАУБАЙХАНА АШТЫ

0
87
Түркістан облысы Төлеби ауданының тумасы Еркінбек Мұсабеков еліміздің солтүстігінен наубайхан ашты,-деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Қарапайым тұғын өткен жылы ұлттық жоба аясында отбасымен бірге теріскейге қоныс аударған болатын. Тірліктің көзін таба білетін жігітағасы бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында тұрады. Ол өткен жылы Ақжар ауданының Мансап орталығы арқылы мемлекеттік грант алып, оған нан пісіретін цех ашқан. Кейін мемлекеттік грантқа жұмысқа қажетті жабдықтарын сатып алған.
Бүгінде цех толыққанды жұмыс істеп тұр. Кәсіпкер күніне шамамен 40-50 нан пісіріп, 140 теңгеден саудалап отыр. Төлебилік азаматтың наны ауыл тұрғындарының арасында үлкен сұранысқа ие.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу