ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУА ҮЙІРГЕЛІК ЖЫЛЫЖАЙДАН ЖЫЛЫНА 10 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫС ТАБАДЫ

0
18
Жетісайлық Рабия Халилова үйіргелік жерінің 16 соттық жеріне жылыжай ісін қолға алып, қияр мен қызанақ егуді кәсіп еткен,-деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол жылыжай кәсібімен төрт жылдан бері айналысады. Жылына 10 млн теңгеге дейін табыс тауып, бүгінде 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Одан бөлек, кәсіпкер наубайхана мен көлік жуу орталығын ашуды жоспарлап отыр.
Осы ретте аудан әкімі Серік Мамытов шаруаның кәсібімен арнайы танысты. Ол жылыжай шаруашылығымен айналысатындарға мемлекет тарапынан субсидия төленетінін жеткізді. Айта кетсек, аудандағы жылыжайлардың жалпы көлемі — 20 гектар. Ал бір жерден екі-үш өнім алу жобасы – 1 261 гектарға, тамшылатып суғару әдісі — 451 гектар алқапқа енгізілген.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу