ЖЕТІСАЙДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

0
35
фото: ғаламтордан
Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округінің Үтіртөбе елді мекенінде жаңа шағын футбол алаңшасы қолданысқа берілді,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы. 
Бұқаралық спортты дамытуға арналған нысанның ашылуына аудан басшысы Серік Мамытов арнайы қатысты.
Алаңшаның құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында басталып, 40 күнде пайдалануға беріліп отыр. Жалпы аумағы 1 200 шаршы метрге жуық шағын стадионның құны — 14,2 млн теңге. Мердігер мекеме — «Сәулет 2012» ЖШС-і. Бүгінде спорт алаңшасы толық түнгі жарықшамдармен қамтылған. Жасанды шым төселіп, қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу