БӘЙДІБЕКТІК ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

0
35
Бәйдібек ауданындағы С.Әбдіжаппаров атындағы мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Нұрила Ержігіт Астанада өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадада бірінші орын иеленді,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 
17 облыстың 170 үздік оқушыларымен сайысқа түскен Нұрила химия пәнінен өзінің білімін дәлелдеген.
«Еліміздің бас қаласында алғашқы рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылармен сайысқа түсіп, өз білімімді сынап көрдім. Жүлделі бірінші орынды алдым. Бұл тек менің емес облысымыздың, өзім білім алып жатқан С.Әбдіжаппаров атындағы мектеп-интернатының жемісі. Үздіксіз білім алуыма қолдау білдірген ата-анама, ұлағатты ұстазымыз Ұлтусын Қалдыбаеваға алғысымды білдіремін деді, — Нұрила Ерланқызы.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу