ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

0
34
Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.
Нәтижесінде түркістандық тоғызқұмалақшылар 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге ие болды.
Тоғызқұмалақтың рапид түрінен Әсел Дәлиева алтынға ие болса, блицтен Ақбота Намаз күміс жүлдені облыс қоржынына салды. Сондай-ақ, Аружан Салман рапид түрінен қола, блиц бойынша алтын медаль иесі атанды. Енді облыс мерейін асқақтатқан арулар сәуір айында Түркияның Ыстамбул қаласында өтетін әлем чемпионатына қатыспақ. Айта кетсек, спортшылар Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу