ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА БЫЛТЫР 5 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

0
24
Түркістан қаласында өткен жылы ұлттық жоба арқылы 5 456 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға төмендеген. Бұл туралы қалалық «Мансап» орталығының директоры Еркебұлан Амангелдіұлы айтты,- деп  хабарлайды «Қалам.кз» порталы.
Оның сөзінше, өткен жылы 8 308 тұрғын түрлі жұмыспен қамту жобаларына қатысқан. Атап айтқанда, қоғамдық жұмыс орындарына – 1 275 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 201 азамат, жастар практикасы бойынша- 682 тұрғын жұмысқа жолданған. Күміс жас жобасымен — 175 азамат жұмысқа тұрса, тұрақты жұмыс орындарына – 5 456 азамат, алғашқы жұмыс орнына — 130 тұрғын орналасқан.
Сонымен қатар, былтыр жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грантты 150 тұрғын алған. Биыл кәсіп ашуға ниетті 143 азаматқа мемлекеттік қайтарымсыз грант беріледі. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыс орындарына -1 120 адамды, әлеуметтік жұмыс орындарына — 140 азаматты, жастар практикасы бойынша 690 тұрғынды жұмысқа жолдау қарастырылған. Күміс жас жобасымен — 170, алғашқы жұмыс орнына 135 тұрғынды орналастыру көзделуде.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу