ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН ТІГІН ЦЕХЫН АШТЫ

0
21
Ордабасы ауданына қарасты Шұбар ауыл округінің тұрғыны Серік Мұратбек «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық несие алып өз кәсібін ашты, деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.
«Серік» атты жеке тігін цехын ашқан азамат керекті құрал-жабдықтарын алып, өз үйінде тапсырыс қабылдап кәсібін дөңгелетуде. Тігіншілікті отбасылық кәсіпке айналдырған шеберлер құрақ көрпе, жасау, қыз жасауы секілді бұйымдарды дайындайды.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы аясында пилоттық жобаға қатысқан Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округі бойынша қазіргі уақытта 92 азамат несие алуға ниет білдірген. Оның ішінде облыстық «Ырыс» микроқаржы ұйымына 76 азамат несие алуға өтінім жолдаған. Бүгінгі күнге 60 азаматтың жобалары облыстық комиссия қарауынан өтіп, мақұлданған.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу