БИЫЛ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 55 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

0
114
Облыс орталығын кәріз жүйесімен қамту деңгейін арттыру мақсатында қазіргі таңда 9 жобаның құрылысы қарқынды жүріп жатыр,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.
Одан бөлек, биыл 3 нысанның құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, 3 жоба республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 90 пайыз, ал жыл соңына дейін 50-55% кәріз жүйесімен қамтылатын болады. Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін сарқынды су желісімен қамтамасыз ету көрсеткішін 50-50%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Қала аумағындағы жүргізілген сарқынды су желілерінің басым бөлігі магистралдық құбырлар. Осыған орай, қала көлемін сарқынды су жүйесімен қамту мақсатында жалпы 15 жоба іске асырылуда.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу