ЕЛІМІЗДЕ 2023 ЖЫЛЫ 9 МЫҢ АДАМ ОҢТҮСТІКТЕН СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРДЫ

0
105
2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы өңірлеріне 8 903 адам өз еркімен қоныс аударды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» потралы.
Оның ішінде қоныс аударушылар саны 6 492 және қандастар 2337 адамды құрады. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Былтыр барлық қоныс аударғандардың ішінде 4 158 адам еңбекке жарамды, оның 3 079-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған, 164 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысса, 35 адам бизнес ашу үшін гранттар алған.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу