СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ

0
21

Солтүстік Қазақстан облысында білім басқармасының қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеуінен кейін өз-өзіне қол жұмсады,- деп хабарлайды «NEGE.KZ».

Антикор
Фото: Антикор

«Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық іс бойынша сотталушының қарамағындағы қызметкердің өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Ол тергеуге куәгер ретінде қатысып, жан-жақты көмек көрсетті. Оған қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылмады. Сондай-ақ облыс бойынша оның емін-еркін жүріп-тұруына шектеу қойылмаған еді», – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Полиция суицидке итермелеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу