ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

0
37

Қыстың қақ ортасында Түркістандық диқандар ерте пісетін қырыққабат дақылын егуді бастады,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.

Қазір Келес пен Мақтаарал аудандарының диқандары қаңтардың әр күнін сәтті пайдалану үшін тынбай еңбек етуде. Мәселен Мақтааралдық шаруалар бүгінге дейін 160 гектар алқапқа қырыққабат көшетін отырғызып үлгерген. Жауын-шашыннан қорғау үшін егілген көшеттердің үсті пленкамен жабылады. «Ең бастысы – күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек», дейді шаруалар. Қазір егіс алқаптарына 70-тен астам бригада мен 4 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Биыл аудан шаруалары 500 гектарға ерте пісетін көкөніс егу жоспарланып отыр. Ал Келестік диқандар қырыққабат егу науқанын Ақтөбе ауылдық округінен бастады. Қазір мұндағы 20 гектар аумаққа дақылдың ерте пісетін «Фарао» сорты егілуде. Шаруалар көшетті үй ауласындағы жылыжайда дайындайды. «Жеріміздің құнарлы болуына және климаттың ыңғайына қарай жылына бір алқаптан 2-3 өнім алуды жолға қойдық, – дейді шаруа Ержігіт Қалықұлов. 2 айда пісетін қырыққабат өніміне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу