«АЛМАТЫ-ТАШКЕНТ-ТЕРМЕЗ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОЖОЛЫ ЖАБЫҚ

0
37

Түркістан облысы аумағында кешелі бері қалың қар жауып, таулы аумақтарында ақ түтек боран соғуда,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін Түлкібас ауданы Шақпақ баба мен Жамбыл облысының шекарасындағы республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез халықаралық автожолы жабылды. Ал өткен түнде Қызылорда облысы бағытындағы «Самара-Шымкент» м-32 республикалық маңызы бар жолының Шорнақ ауылы аумағында автокөліктің барлық түріне шектеу қойылды. Түні бойы 22 техника жолды қардан тазартып, таңертең қайта ашылды. Жол апаттарын болдырмау мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақыттан бастап полиция республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылып, күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр.

«Біздің облыстың өзінде Созақ-Шаян бағытымыз бар, ол жерде кеше жабылған, бүгін ашылды. Азаматар үйреніп қалған, бірақ бәрі бірде барлық тұрғындарға ескертеміз. Жолдарда абай боу керек. Егер мұқтаж болған жағдайда көлікпен жүргенде жылдамдықты асырмау керек. Азматтар түсіну керек, жолда барлық жерді тазалау мүмкін емес. Мейілінше төмен жылдамдықпен жүру керек»,- дейді облыстық ПД ӘП басқармасының басшысы Алмасхан Тастанбеков.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу