ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫ ЖАБЫЛҒАЛЫ ЖАТЫР

0
43

Фото: Ұлттық арна сайтынан

Еліміз Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізуге дайындалып жатқанда Түркістан облысының Арыс қаласындағы жалғыз ұлттық спорт клубы жабылайын деп жатыр,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы. 

Қолындағы құсы нағыз бабына келген тұста Сағидың өзінен маза кетті. Бұған дейін Тараз қаласында өткен сайыста еліміздің жастар арасындағы чемпионы атанған ол көшпенділердің дүниежүзілік ойынына қатысуға ниетті болатын. Ұлттық спорт клубы жабылады дегелі бері бапкері екеуі әрі-сәрі күйде. Әйтседе жаттығуларын әлі жалғастырып келеді.

«Күнделікті әр құсты аздырмай, семіртпей бір формада ұстау үшін етті суға салып, ағартып, жарысқа дайындаймыз. Етті қолдан жеп отыр, қолға келіп отыр. Дайын десекте болады жарысқа»,- дейді Саятшылық үйірмесінің мүшесі Сағи Махмұтхан.

Алғашында Жағалтай мен Тұрымтай, Қырғый сияқты майда құстарды қолға үйреткен құсбегілер қазір Ителгі мен Қаршығаны түлетіп, аң ілетін деңгейге жеткізді. Оған 2 жылдай уақыт кетті.

«Атадан қалған мұра ғой бұл негізі. Енді жаңғырып келе жатқан кезі еді. Құсбегілер арқылы елімізді тала елдерге таныстырсақ деген де үмітіміз бар. Бірақ енді осындай жабылады деген хабар келіп, қуанышымыз су сепкендей болды»,-дейді құсбегі Мәди Қалқожаев.

Түркістан облысында ұлттық спорт түрлері бойынша спорт клубы тек Арыс қаласында ғана құрылған болатын. Мұнда жасөспірім балаларға көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату және саятшылық сынды ұлттық спорттың қыр-сырын үйретеді. Үйірмеге 200-дей бала тіркелген. 30-ға жуық маман балаларды ұлттық спортқа байлиды.

«Барлық спорт түрлерінен облыста алғашқы үштіктен көрініп жүргенбіз мысалға. 2 жылда үлкен нәтиже беретін емес, спортта результатты 5 жылдан кейін сұрауы керек негізі. Қазіргі таңда басты көрсеткішіміз саятшылық болып тұр. Одан нәтиже көрсете аламыз көшпенділер ойынында. Шәкірттеріміз дайын»,- ұлттық спорт клбуының директоры Қанат Әділұлы.

Алайда жергілікті әкімдік клуб бапкерлерін ешқандай нәтиже көрсетпедіңдер деп жазғырып отыр. Оның үстіне жыл сайын бөлінетін 130 млн теңге қазынаға тым ауыр дейді. Сондықтан енді атт ықажет етпейтін ұлттық спорт түрлерін ғана қалдырып, клубты футбол командасының қарауына беруді жөн деп тауыпты. Осылайша әкімдік кезінде өздері ашқан мектепті өздері жаппақ.

«Көкпар бойынша жылқыларды баптауға оларды ұстауға қаржының тапшылығына қарай ол түрі болмайды. Жылқыларды ұстау үшін жем-шөбін беру үшін қомақты қаражат талап етеді. Сондықтан бюджеттің қаржысын үнемді пайдалану үшін қысқартып отырмыз»,- дейді Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова.

Қала әкімі ұлттық спорт клубын жабу арқылы бюджеттің 100 млн теңгесін үнемдейміз деп отыр. Жабылғалы жатқан клубтағы басшылық құрамнан өзге мамандар жұмыссыз қалмайды деп сендірді.

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу